Алматы облысы прокуратурасы Шерзат Полаттың үйіндегі өрт ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.
Былтыр 12 қазан күні Азат ауылындағы Қаржаубай Нұрымовтың үйі өртенген. Оқиға бойынша қылмыс жасаған адамдар анықталмағандықтан, іс ұзаққа созылды. Қадағалаушы органның ресми жауабында: «Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес, құқықтық көмек көрсету бойынша іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты тоқтатылды», – делінген.
Бұл бап тергеуді уақытша тоқтату тәртібін реттейді: құқықтық көмекке байланысты процессуалдық әрекеттер толық орындалмайынша іс жалғаспайды. Тергеудің тоқтатылуы айыптылардың табылмағанын және қосымша процессуалдық әрекеттердің қажет екенін көрсетеді.