«Мәдина ерекше жан еді»: Майра Ілиясова марқұм әншінің Болат Назарбаевпен байланысын еске алды
https://www.last.fm/

«Мәдина ерекше жан еді»: Майра Ілиясова марқұм әншінің Болат Назарбаевпен байланысын еске алды

Әнші Майра Ілиясова тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында өмірден өткен Мәдина Ералиеваның жеке өміріне қатысты тың деректермен бөлісті. Оның айтуынша, олар жақсы араласқан, ал Мәдинаның Болат Назарбаевпен жақындығы жайлы да куә болған. Бұл туралы Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап Anyqtime.kz хабарлайды.

Майра Ілиясованың сөзіне сенсек, сол кезеңде Мәдина жалғызбасты ана болған. Жолдасынан ажырасқан соң, ұлы Арсенді өзі тәрбиелеген. Болат Назарбаевтың Мәдинаға шын көңілмен қамқор болғанын айтқан әнші, олардың арасындағы қарым-қатынастың ерекше екенін жеткізді.

«Болат ағамыз Мәдинаға шын жанашыр болды. Ол кезде Мәдина шағын пәтерде тұрды, кейін 150 шаршы метрлік кең баспанаға ие болды. Бұл жайында халық та білді. Болаттың оны ерекше жақсы көргенін, қызғанғанын да естіп жүрдік. Мәдина үйге кешіксе, ренжіп қалатынын айтатын. Олар бірге тұрған жоқ, бірақ ол үнемі келіп, қолдау көрсетіп жүрді», — деді Ілиясова.

Әншінің айтуынша, Болат Назарбаев Мәдинаның әнін, дауысын, өнерін жоғары бағалаған. «Әр әртістің өз тағдыры бар. Бұл — өмірдің өзі», – деп түйіндеді Майра Ілиясова.