Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтты
Елена Рыбакина Цинциннати WTA 1000 ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:1, 6:4 есебімен ұтып, жеңістің кілті сервисте болғанын айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық теннисші матчтан кейін кортта берген қысқа сұхбатында өз ойынындағы басты факторды атап өтті. Оның сөзінше, бұл жолы бірінші доп сенімді жүріп, қарсыластың қарқынын басып тастауға көмектесті.
«Сервисіме көңілім толды. Ойлаймын, бұл – ең маңыздысы болды. Екеуміз де өте қуатты ойнаймыз, көп нәрсе сервиске байланысты», – деді Рыбакина.
Ол сондай-ақ «Арина да жақсы берсе, бәрі өзгереді» деп, қарсыласының мүмкіндігін де жоққа шығармады. Дегенмен бүгінгі кездесуде өзін «сервисті жақсы сезінгенін» айтып, соның арқасында «үнемі басымдықта болғанын» жеткізді.
Рыбакина артқы шептегі ойыны да қарқынды өткенін, дәл осы қарқынмен жалғастырғысы келетінін айтты.