Зеленский Трамппен сөйлесуде Донбасты Ресейге беруден бас тартты, мәселе Аляска саммитінен кейін көтерілді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Reuters дерегінше, Аляскадағы Трамп–Путин саммитінен соң АҚШ президенті Владимир Путиннің талабын Киевке жеткізген: Мәскеу «фронтты «қатыру» үшін» Украинаның Донецк облысын толық беруді сұраған. Украина лидері мұндай ұсынысты қабылдамай, аумақтық тұтастықтан ешқандай жағдайда бас тартпайтынын айтқан.
Саммит нәтижесі келісімге әкелмеді. Бұған дейін Трамп «соғысты аяқтау үшін екі тарапқа да белгілі бір аумақтық шешімдер қажет болуы мүмкін» деген еді. Ол ceasefire-ден гөрі «толық бейбіт келісімді» көздейтінін мәлімдеді.
Зеленский Путинмен жүздесуге қарсы емес, бірақ сенімді қауіпсіздік кепілдіктері қажет екенін алға тартты. Еуропалық лидерлер Украинаға қолдауын қайталап, Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жоспарын жариялады.