«Жалған ақпарат таратқаным үшін кешірім сұраймын!» — Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ағынан жарылды

15 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: mazhilis_kz / видеодан скриншот

Кеше әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызының өмірден өткені туралы жалған ақпаратты жаппай таратты. Бұл жаңсақ мәліметке Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың да парақшасында көңіл айту жазбасы жарияланған еді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

Алайда кейін Kursiv тілшісіне берген сұхбатында Мұқаев бұл хабарды жоққа шығарып, көпшілік алдында кешірім сұрады. Оның айтуынша, Instagram парақшасын өзі емес, көмекшілері жүргізеді.

«Менің парақшамды көмекші балалар жүргізеді. Солар өзге әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратты байқап, бөліскен сияқты. Бұл менің тарапымнан жіберілген қате емес, дегенмен осы жағдайға байланысты кешірім сұраймын», – деді депутат.

Осылайша, Мұқаев жалған ақпараттың таралуына тікелей қатысы жоғын алға тартып, бар жауапкершілікті өзінің көмекшілеріне жүктеді.

Тэгтер:

Сара Алпысқызы депутат Дәулет Мұқаев жалған ақпарат