Ауа райы болжамы: Астана мен Алматыда күз ерте сезіледі
Елорда мен Алматыда 18–19 тамызда ауа райы салқындап, жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.
Астанада 18 тамызда ауыспалы бұлт сақталып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнгі температура 11–13°, күндіз 19–21° жылы. 19 тамызда да бұлт ауысып тұрады: кей кезде жаңбыр, найзағай ықтимал. Түнде және таңертең тұман. Жел бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 11–13°, күндіз 23–25° жылы.
Алматыда 18 тамызда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, кейде екпіні 18 м/с-қа дейін. Түнде 18–20°, күндіз 25–27° жылы. 19 тамызда жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлт. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнгі 15–17°, күндіз 28–30° жылы.
Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айы ел көлемінде контрастылы өтеді: бірқатар өңірде аптап ыстық күшейіп, жауын-шашын азаяды, ал басқа аймақтарда жаңбыр жиілеп, температура құбылады. Алғашқы онкүндікте жылу солтүстік пен шығысқа ауысады, оңтүстік пен батыста аздап салқындау байқалады. Кейінірек ауа райы тұрақсыз сипат алады: ыстық күндерді салқын, жаңбырлы күндер алмастырады, найзағай, бұршақ және шаңды дауылдар болуы мүмкін. Жалпы жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, солтүстік және шығыс өңірлерінде нормадан көп түсуі ықтимал.