«Қаңғыған оқ»: Төбелес кезінде көмекке келген фельдшер қаза тапты

17 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: pexels.com

Қайғылы оқиға 17 тамызға қараған түні Атырауда болды. Қарулы жанжал кезінде 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, дау досының тойында басталған. Кейін бірнеше адамның арасында төбелес туындаған. Жағдайды реттеуге көмектессін деп таныстары фельдшерді шақырғанымен, жанжал басылмай, қақтығыс кезінде оқ атылған. Сол оқ фельдшерге тиіп, жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. «Қазіргі уақытта іс Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен тергелуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тэгтер:

атыс той қылмыстық іс Атырау төбелес фельдшер