«Байынан кетіп, Нұрланға тиіп алған»: Нұрлан мен Әйгерімнің видеосы желіні шулатты
Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның қол ұстасып жүрген видеосы тарағаннан кейін желіде қызу талқыға түсіп, түрлі болжамдар айтылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған роликтерде қос өнер иесінің достарымен қоштасып, қол ұстасқан күйі кетіп бара жатқаны анық көрінеді. Осы сәт жұрт назарын аударып, бірден пікір таласын туғызды.
Кей қолданушылар «екеуінің де отбасылары бар ғой», «өздері себеп беріп отыр» десе, енді біреулер «бұл әйел байынан кетіп, Нұрланға қосылған, сол үшін Нұрлан да отбасыдан ажырасты», «егер отбасы бар болса, осылай қол ұстасып жүре ме?», «жұрт көргенін айтады, екеуі тым жақын жүр» деген сияқты жазбалар қалдырған. Алайда бұл пікірлердің шынайылығы туралы ресми мәлімет жоқ, тараптар да жеке өміріне қатысты түсініктеме берген жоқ.
Талқылау өршіп тұрған тұста желі қолданушылары этика мен жеке өмірді құрметтеу туралы да дауласып қалды: бір бөлігі «жеке өмірге қол сұқпау керек» десе, екіншісі «қоғам алдындағы танымал адамдар ашықтық танытқаны дұрыс» деген уәж айтады.