Сүйінші! Қайрат Нұртастың жұбайы бесінші сәбиін босанды

18 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші перзентін дүниеге әкелді. Ол желіде нәрестесімен түскен қысқа видеосын бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Әбдікәрімова жариялаған бейнероликте ол жаңа туған сәбиін құшағына алып тұрғаны көрінеді. Актриса жазба астына «Жаңа тынысым» деп қысқа ғана пікір қалдырған.

Желі қолданушылары жарыса құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Пікірлер арасында «Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын, дара, дана, танымал тұлға болсын!», «Мә-ә-ә, елдің әйелдері толғағын, перзентханада жүргенін салып жатады, сіз болсаңыз үнсіз ғана осылай шығып алдыңыз», «Бесік бауы берік болсын! Аман-есен өсіп кетсін!» деген тілектер бар.

Айта кетейік, жуырда Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен бірге болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін gender party өткізгенін хабарлаған еді. Сол шарадан кейін жанкүйерлер отбасына ізгі тілектерін арнап, ананың амандығын тілеп келген.

Тэгтер:

Жұлдыз Әбдікәрімова босанды Сәби Қайрат Нұртас бесінші бала