«Жаңбыр, найзағай»: Ертең ауа райы қандай болады
Фото: Ашық дереккөзі

«Жаңбыр, найзағай»: Ертең ауа райы қандай болады

18 тамызда елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, шығыста нөсер мен бұршақ ықтимал; батыста жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Астана
18 тамыз: ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы: түнде +11…+13°C, күндіз +19…+21°C.

Алматы
18 тамыз: ауыспалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы: түнде +17…+19°C, күндіз +23…+25°C.

Жоғары өрт қаупі
Алматы облысының батысы мен оңтүстік-шығысы, Жетісу облысының батысы, Атырау облысының батысы, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысы, Қызылорда облысының орталығы, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығы, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.