Баланы eGov.kz арқылы мекенжайына қарамастан қалаған мектебіне онлайн ауыстыруға болады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ата-аналар мен заңды өкілдер енді баланы бір мектептен екіншісіне ауыстыруды толықтай онлайн рәсімдей алады. eGov.kz порталында тұрғылықты жері бойынша да, одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, электронды өтініш тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Қызметті пайдалану кезінде есептен шығару және бекіту талондарын ұсыну талап етілмейді, сондай-ақ оқушының жеке іс құжаттарын қолма-қол тапсырудың қажеті жоқ. Өтініш беруші оқу тілін өзі таңдайды және қажет болған жағдайда өтінішін кері қайтарып ала алады.
Қызметті алу қадамдары:
- eGov.kz порталында тіркелу;
- «Білім» → «Орта білім» бөлімінен «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
- Өтініш нысанын толтырып, оны ЭЦҚ көмегімен қол қою;
- Нәтижемен Жеке кабинеттен танысу.