Қалай ұнатқан адамыңды өзіңе тез қаратып алуға болады?

16 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
ww25.mysticalpeace.com

Қарым-қатынас саласындағы танымал сарапшы әрі TikTok блогері Джейкоб Лукас кез келген адамды өзіңе баурап алудың үш тиімді әдісін ұсынды. Оның пікірінше, бұл тәсілдер адамды өзіңізге тез ғашық қылуға көмектеседі. Бұл туралы AnyqTime.kz ақпараттық-танымдық порталы хабарлайды.

Бірінші әдіс — мақтау айту. Лукас бұл тәсілдің ерекше маңызын атап өтеді. Оның айтуынша, адамды жиі және шынайы түрде мақтап отырсаңыз, ол сізге тез бауыр басады.

«Кімде-кім мақтау сөздерді орынды қолдана білсе, сол адам қалағанына жетеді», – дейді сарапшы.

Екінші әдіс — комплимент айтқан сәтте әңгімелесушіге жақындау. Мысалы, серігіңіздің қолындағы әшекей бұйымға назар аударып, оны жақынырақ көрсетуін өтіну ұсынылады.

«Қолыңызды созыңыз — көп жағдайда адам бейсаналық түрде өз қолын сіздің қолыңызға тигізіп алады. Бұл арадағы физикалық тосқауылдың жойылуына әсер етеді», – дейді Лукас.

Үшінші тәсіл — адамды өз атымен атап сөйлеу. Сарапшы комплимент немесе кез келген жылы сөзді адамның атымен бастап айту оның әсерін күшейтетінін жеткізеді. Сонымен қатар, комплимент айтқанда көзге тіке қарау керек екенін еске салады.

«Көз жанары арқылы сенімділік пен шынайылық беріледі. Бұл кез келген әңгіменің әсерін күшейтеді», – деп түйіндеді Джейкоб Лукас.

Тэгтер:

ұнатқан адамыңды өзіңе қаратып алу ғашық қылу