«Екі бөлек кеттік»: Мереке Қалбаева күйеуімен арақатынасы туралы айтты

19 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Коллаж: sn.kz

Әзілкеш Мереке Қалбаева жұбайы Арсенмен арадағы кикілжіңнің кәсіп бастауына байланысты туғанын айтып, отбасылық жағдайын Аман Тасығанға берген видеосұхбатта ашық жеткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзілкештің сөзінше, отбасындағы «баланс» кәсіпке кіріскеннен кейін бұзылған. «Тұрмыс құрғаныма 7,5 жыл болды. Арсен екеуміз жайлы «бір айда-ақ тарқайды» деп бәстескендер көп болды. Тіпті «туған шешемнің өзі» де: «Ертең ол басқа қызға кетеді, дайын бол. Бай керек болса, әрдайым өз-өзіңе қарап жүр», – деп жиі ескертіп отыратын», – дейді ол. Мереке мұндай уайымның түбінде әйелдің өзіндегі кемдікке сілтейтін көзқарас жатқанын да атап өтті.

Оның айтуынша, арадағы ренішке «үлкен кәсіпті» бастауы түрткі болған. «Мен үнемі «шулатуды» жақсы көремін, ал Арсен ондай емес – оған тыныштық керек. Соңғы бір жылда сынақ көп болды», – деді Қалбаева. Соған қарамастан, ол адалдық бірінші орында тұрғанын, өз тарапынан да, күйеуі жағынан да «басқа біреумен сөйлесу» немесе «жаман жүріс» болмағанын нақтылады. Бұған дейін екеуі «гармонияда өмір сүргенін», бір-бірін жақсы көріп, сыйлап келгенін айтты.

Мереке арадағы суықтыққа қарамастан, Арсенмен қайта қосылуға ниеті барын жасырмайды. «Арсеннің жоқтығы қатты білінеді. Күн сайын түнде жылаймын. Ол – алтын адам. Ажырасуды елестете алмаймын. Достары да қайта қосылуымызды сұрап жатыр. Біз әр ортада бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз. Мен оны идеал көремін, мінін байқамаймын», – деді ол. Әзілкеш уақыт келгенде кешірім сұрап баруы да мүмкін екенін, бірақ әзірге өзі де, балалары да жауапкершілікті шешім күтіп тұрғанын қосты. «Соңы жақсы болады деп ойлаймын», – деп түйіндеді ол.

Тэгтер:

Аман Тасыған Мереке Қалбаева видео сұхбат Арсен отбасылық кикілжің