«Жұмабек Жанықұловқа сияқты мықты жігіт»: Ләйлә Сұлтанқызына бейтаныс адам гүл жіберді

19 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Коллаж: Sn.kz

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бейтаныс жаннан гүл шоғын алғанын парақшасында жариялап, оқиға желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ләйлә Сұлтанқызы Тикток-парақшасында құпия жаннан келген гүлді көрсетіп, қысқа жазба қалдырды: «Кімнен екені белгісіз. Көңіліңізге рақмет». Желі қолданушылары бірден пікір қалдырып, тележүргізушінің талғамына сай сыйлық екенін атап өтті. Көпшілік «Өзіңіз сияқты әдемі гүл екен», «Әбден лайықсыз» деп жылы лебізін білдірді.

Кейбір оқырман сыйлық иесін әзіл-қалжыңмен болжауға тырысты: «Жұмабек Жанықұлов сияқты бір мықты жігіт шығар гүлді жасырын жіберген Ләйлә ханымға», – деген пікір де бар. Басқалары «Осындай тосынсыйдың кімнен екені маңызды емес, көңіл – бастысы» деп жазды.

Оқырман реакциясынан байқалғаны – Сұлтанқызына бағытталған ықылас пен құрметтің басым екені және әлеуметтік желідегі шағын детальдың өзі үлкен талқы тудыратыны. Тележүргізуші әзірге сыйлықтың нақты кімнен келгенін ашып айтқан жоқ.

Тэгтер:

Ләйлә Сұлтанқызы гүл шоқтары құпия сыйлық