Руслан Берденовке жасалған қастандық: сот үкімі шықты
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот шешімі жарияланды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.
Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы Ернар Жиембай орташа қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге сот оны жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК — 117 960 теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Еске салсақ, 21 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігі ғимараты маңында атыс болып, әкім орынбасары Руслан Берденов жарақат алған еді. Оқиғадан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.