Димаштың күйеу баласы мен қарындасының биі жұртты сүйсіндірді
Димаштың қарындасы Раушан мен жарының биі желіде тарады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Жақында шаңырақ көтерген Ермахан Аймахан мен Раушан Құдайбергеннің тойға дайындық үстіндегі еркін биі видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Кадрларда екі жастың өзара әзіл-қалжыңы мен табиғи қимылдары көрініп, көрген жанға жылы әсер қалдырған.
Желі қолданушылары «Дұрыс қой, камера жоқ кезде, бәрі жарасымды», «Қайран жастық шақ, кейін күліп отыратын кез», «Өте жарасымды жұп» деп пікір қалдырып, жас отбасыға бақыт тіледі. Көпшілік екі жастың бір-біріне деген іңкәр сезімін ерекше атап өтті.
Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы Раушан Құдайберген жақында театр актеріне тұрмысқа шыққан. Жаңа түскен видеоны көпшілік «камерадан тыс» сәттің шынайы көрінісі деп бағалап, жастардың үйлесімін сүйсіне талқылап жатыр.