«Бұл әулет Жұлдызды менсінбейді»: Гүлзира Айдарбекова желіде сынға қалды
Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова босанғанда ашық құттықтау жазбасын жарияламағаны үшін желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Қайрат Нұртас бесінші рет әке атанып, қызды болғаны белгілі. Актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова осы жаңалықты желіде бөлісіп, «Жаңа тынысым» деп сүйінші сұрады.
Сонымен бірге баланың жынысын жариялаған кешке Қайрат Нұртас қатыспаған. Өнер иесі бұл жағдайды «Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта гендер пати шырақтары жанып, қызық болыпты. Байқадым…» деп түсіндірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың немересінің дүниеге келуін жеке парақшасына салмағанын айтып, түрлі пікір қалдырды. Комментарийлердің бірқатарында:
«Әшейінде тамағына дейін салып отыратын еді, немересі дүниеге келгенде үнсіз қалды»,
«Немере көре алмай кеткен қаншама адамдар бар»,
«Қайрат пен Жұлдызды ажыратқан шешесі»,
«Бұл әулет Жұлдызды менсінбейді, сосын ол да бұларды керек етпейді»,
«Қайрат екеуі үнсіз отыр»,
«Ұрпақтарыңды көбейтіп жатыр»,
«Шампунь сатып, қолы тимей жатқан болар» деген секілді пікірлер жазылды.