«Ол күндер де алыс емес» — Балжан Бидаш тұрмысқа шығу жоспары туралы айтты
https://www.instagram.com/ Балжан Бидаш

«Ол күндер де алыс емес» — Балжан Бидаш тұрмысқа шығу жоспары туралы айтты

Әнші Балжан Бидаш Instagram парақшасындағы оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, жеке өміріне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі POLITICO.KZ порталына сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының бірі қойған «Тұрмысқа шығу жоспарыңыз бар ма?» деген сауалға өнер иесі ашық жауап берді. Оның айтуынша, махаббат сезімінен бұрын өмірлік серіктестің тұлғалық қасиеттері маңыздырақ.

«Иә, ондай ой бар. Бірақ тек сүйген адам емес, шабыт беретін, өзін-өзі жақсы білетін және сенімді жан керек екенін уақыт өте келе түсіндім. Ең бастысы — қазір өзіме не керегін жақсы білемін. Егер мені шын сүйетін адам кездессе, мен де дәл солай жауап беруге дайынмын. Ол күндердің ауылы алыс емес шығар», — деп жазды Балжан.

Сондай-ақ әнші тұрмыс құрғаннан кейін шығармашылығын жалғастырғысы келетінін жеткізді. Қазіргі таңда бос уақытын көбіне серуенге және демалысқа арнап жүргенін де жасырмады.