Тоқаев 22 тамызда Бішкекке барады: қазақ-қырғыз одақтастығын тереңдету талқыланады
Фото: Ашық дереккөзі

Тоқаев 22 тамызда Бішкекке барады: қазақ-қырғыз одақтастығын тереңдету талқыланады

22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Сапар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен жүзеге асады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.

Бішкекте екі ел көшбасшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер өткізеді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасып, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың сабақтастығын жалғастырады. Президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысып, онда өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарын айқындауы жоспарланған. Ресми бағдарлама аясында бірқатар хаттамалық іс-шаралар өткізіліп, аймақтық күн тәртібі бойынша да әңгіме қозғалуы мүмкін.