21 тамызда қай өңірде аптап ыстық болады? – Синоптиктер нақтылады

20 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Ыстық, ауа райы, аптап ыстық, ашық күн. Фото: Қазгидромет

Алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 21 тамызға арналған республикалық ауа райы болжамы жарияланды. Алматы облысында күн +35°С-қа дейін, Маңғыстау облысында +38°С-қа дейін қызады. Оңтүстікте антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз, қапырық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.

«Солтүстік-батыс циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер болады. Батыста және солтүстікте бұршақ жаууы, дауыл тұруы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Гидрометеорологиялық орталық өрт қаупіне де назар аудартты. Жоғары өрт қаупі: Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Атырау облысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында сақталады. Төтенше өрт қаупі: Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы өңірінің батысы, солтүстігі, шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, сондай-ақ Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде болжанады.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Аптап ыстық 21 тамыз өрт қаупі