Ұлы анасын өлтіріп, денесін бөлшектеп, қазанда қайнатты деген күдікке ілінді

20 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: in.pinterest.com

Қырғызстан астанасы Бішкекте 22 жастағы тұрғын өз анасын өлтіріп, денесін бөлшектеп, асүйде қазанда қайнатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Пәтерден шыққан өткір иіс жайлы хабар түскен соң полиция келген жерде әйелдің бөлшектенген денесі табылды, болған жайт туралы ақпаратты жергілікті БАҚ таратты.

Бішкектегі Первомай аудандық ішкі істер басқармасына Боконбаев көшесі мен Манас даңғылының қиылысындағы үйлердің бірінен күдікті иіс шығып жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Шақырту орнына келген учаскелік милиция пәтерге кірген кезде әйел адамның бөлшектенген денесін көрген. Алдын ала дерек бойынша, сол сәтте пәтерде 2003 жылы туған жігіт отырған және ол асүйде қазанға ет қайнатып жатқан. Кейін бұл «ет» 1976 жылы туған өз анасының дене бөліктері екені анықталған. Қалған бөліктер тоңазытқыштан табылды.

Күдікті бірден ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Құзырлы органдар істің мән-жайын анықтап жатыр. Оған қатысты сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғанша өзге деректер жария етілмейді.

Тэгтер:

Қылмыс Бішкек анасына қастандық қазанда қайнату