«Тарихи сәт»: Шавкат Рахмонов елімізге қуанышты жаңалық алып берді
Қазақстан аралас жекпе-жек спорты үшін тарихи сәт: жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов UFC-дің салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингінің (P4P) үздік 15-тігіне кірді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі
Жаңартылған тізімде ол 15-орыннан көрінді, бұл – Қазақстан атынан мұндай деңгейге шыққан алғашқы спортшы.
P4P тізіміндегі өзгерістер UFC 319 турнирінен кейін тіркелді: орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленген Хамзат Чимаев бірден он саты көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Ал бұрынғы чемпион Чарльз Оливейра рейтингтен түсіп қалып, оның орнына қазақстандық «Номад» енді. Қазіргі таңда рейтингтің көшін жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия бастап тұр.
Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 7 желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен (48–47, үш судья) жеңген. Осылайша кәсіби рекордын 19-0-ге жеткізіп, дивизиондағы титулға таласуға ең ықтимал қарсылақтардың бірі ретінде бекіді.
Айта кетейік, UFC ресми рейтингтері медиа өкілдерінен құралған сайлаушылар панелінің дауыс беруі арқылы жасалады. Демек, Рахмоновтың ТОП-15-ке енуі тек статистика емес, оның спорттық салмағын жаһандық қауымдастықтың мойындауының айқын көрінісі саналады.