«Ұстаздар 55 жастан зейнетке шықсын»: Мұғалім министрге ұсыныс айтты
Коллаж: Anyqtime.kz

«Ұстаздар 55 жастан зейнетке шықсын»: Мұғалім министрге ұсыныс айтты

Мұғалім Тұрар Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа видеоүндеу жолдады. Ол өз сөзінде қазіргі педагогтердің денсаулығы мен жұмыс ауыртпалығын алға тарта отырып, зейнет жасын төмендету туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы.

"Құрметті министр мырза, мұғалімдерді 55 жастан зейнетке шығару туралы мәселені Парламент деңгейінде қарастырсаңыздар", — деді ұстаз өз үндеуінде.

Оның бұл бастамасына қолдау білдірген желі қолданушылары пікір қалдырып жатыр. Көпшілігі мұғалімдердің еңбек жүктемесінің ауыр екенін айтып, ұсынысты орынды деп бағалаған.

"Өте дұрыс айтасыз!", "50 жастан кейін мұғалімдер шаршай бастайды", "63 жаста тісі түсіп, шашы ағарып, қолы қалтыраған адам балаға қалай сабақ береді?" деген секілді пікірлер жиі кездеседі.