Белгілі тележүргізуші Ғалым Қалмен көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.
Ол әлеуметтік желіде шаңырағында нәресте дүниеге келгенін жариялап, көптің батасына алғыс айтты. Журналистің айтуынша, жұбайы Әсем аман-есен босанған, сәби ұл.
Ғалым Қалмен бейнероликте Жаратқанға шүкірлік айтып, елдің тілегінің қабыл болғанын атап өтті. «Аллаға сансыз шүкір! Сүйінші, ағайын! Ұлды болдық!» — деп қуанышымен бөліскен ол жас ата-аналарға да ақ тілегін арнады. «Ұл сұрағанға ұл, қыз сұрағанға қыз берсін» деген ақжолтай сөзін жеткізіп, қазақстандықтардың амандығын тіледі.
Журналистің жақындары мен көрермендері әлеуметтік желіде жылы лебіздерін жаудырып, жас сәбиге ұзақ ғұмыр мен денсаулық тіледі. Қаламгер қауым мен әріптестері отбасына береке тілеп, «Қазағым көбейсін» деген тілекке қосылды. Желі қолданушылары «жақсы жаңалық жұртқа үлгі болды» деп, перзентті болған жанұяға игі ниеттерін білдірді.