«Иіс шығарып, шелпек пісіру – харам» деген діндар ел наразылығын тудырды

17 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде қазақтың дәстүрлі наным-сенімдеріне қарсы пікір айтқан діндар жігіттің бейнежазбасы қызу талқыға түсті. Ол бейсенбі сайын әруақтарға арнап шелпек пісіріп, мал союды харамға балап, мұндай әрекеттерге тіпті заңмен тыйым салу керек деп есептейді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада дін өкілі: «Аруаққа иіс шығарамыз, мал шаламыз деген – ислам дініне қарсы. Шариғат бойынша, мал тек Алланың разылығы үшін сойылады, ал шелпек – жеу үшін пісіріледі немесе садақа ретінде таратылған. Ал иіс шығару, шелпек пісіру деген бұрын қазақта болмаған», – деп мәлімдейді.

Сонымен қатар, ол мұндай әрекеттерге айыппұл салу керек деп пікір білдірген. Оның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында екіұдай пікір туғызды. Бірі қазақтың салт-дәстүріне тіл тигізбеу керек десе, енді бірі шариғат шеңберінен шықпауға үндейді.

Тэгтер:

шелпек пісіру мал сою харам