Бұл қарапайым тест есте сақтау қабілетіңіздің қаншалықты деңгейде екенін анықтайды
AnyqTime

Бұл қарапайым тест есте сақтау қабілетіңіздің қаншалықты деңгейде екенін анықтайды

Деменцияны (есте сақтау қабілетінің ерте бұзылуы) ерте кезеңінде анықтауға көмектесетін өте қарапайым 60 секундтық жазбаша тест пайда болды.

Бұл әдіс үшін сізге тек қағаз, қалам және таймер керек.

Тесттің шарты мынадай: бір санат таңдаңыз — мысалы, жемістер, жануарлар немесе телешоулар.

Содан кейін дәл 60 секунд ішінде сол санатқа жататын мүмкіндігінше көп сөз жазыңыз.

Егер нәтижеңіз 15 сөзден аз болса — бұл когнитивті қабілеттердің әлсірегенін көрсетуі мүмкін.

15–20 сөз — қалыпты деңгей, ал 21 және одан жоғары — мидың жақсы жұмыс істейтінін білдіреді.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс есте сақтау мен ойлау қабілетін бағалаудың тиімді құралы бола алады. Мұндай тесттер адамның ойлау шапшаңдығы мен зейін деңгейін өлшейді, ал бұл деменцияның ерте белгілерін байқатуы мүмкін.

Сондай-ақ деменцияны анықтауға арналған тағы бір танымал тәсіл — сағат салу тесті. Науқасқа дөңгелек циферблат салып, сағат 11:10 уақытын белгілеу ұсынылады. Егер адам шеңберді қисық салып, сандарды шатастырса немесе уақытты дұрыс көрсетпесе — бұл ми қызметінің төмендегенін білдіруі мүмкін.