23 тамыз күні Алматы қаласында «ALATAU» Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың құрылтайшылары, басшылары мен педагогтерінің тамыз конференциясы өтті.
Конференция «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» ұранымен ұйымдастырылып, негізгі тақырыбы — жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы өзін-өзі реттеудің тиімділігі болды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, Алматы қаласы мен облысының білім басқармалары мен сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары, сонымен қатар республика бойынша жекеменшік балабақшалардың құрылтайшылары, директорлары және педагогтері қатысты.
Конференцияның басты мақсаттары:
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы қызмет сапасын арттыру;
Білім беру саласында өзін-өзі реттеу тетіктерін дамыту;
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту және тұрақты сапаға қол жеткізу жолдарын қарастыру.
Бағдарлама аясында көтерілген негізгі тақырыптар:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың басым бағыттары;
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мүмкіндіктері;
Жекеменшік ұйымдардағы өзін-өзі басқару және сапаны бағалау тәжірибесі;
Санитарлық нормаларды енгізу ерекшеліктері;
Жеке сектордың тұрақты дамуы мен инновациялық басқару модельдері.
Конференция барысында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шара соңында нақты ұсыныстар қабылданды. Сонымен қатар, «Жекеменшік мектепке дейінгі білім берудегі басқарудың инновациялық модельдері: тиімділікке жол» атты көрме ұйымдастырылды.
Модераторлар:
Адамова Манара Елекенқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры;
Батырбекова Күләнда Уәлиханқызы, «Асыл Ұрпақ қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымының президенті.
Бұл конференция жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың тұрақты дамуына, сапаны арттыруға және білім беру саласында өзін-өзі реттеудің тиімді тәжірибесін қалыптастыруға маңызды үлес қосты.