"Сізді өзгертемін": Мерует Түсіпбаева өзіне сезімін білдірген жігіттің сезімге толы хатын жариялады
Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісінде өзіне хат жазған жігіттің сезімге толы сөздерін көпшілікпен бөлісті.
Әншінің айтуынша, хат авторы өзінен бес жас кіші және ол өнер иесіне тұрмысқа шықса, оны «өзгертетінін» жазған.
Меруерт Түсіпбаева бұл ұсынысқа ирониямен жауап берді:
«Мені өзгерткісі келетін тағы бір пенде табылды. Сізді өзгерткісі келетін адамдарды белгілей отырыңыз», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жағдайға түрліше пікір білдірді. Бірі:
«Сұлулыққа қызықпайтын адам жоқ. Жасыңыз қаншада болса да, сізге қызығатын ер азамат табылады», – десе, енді бірі:
«Қалай өзгертпекші екен, ә?», «Мұндай сөзді өзім де ешкімге жазбаппын», – деп таңданысын білдірді.