Медеу Арынбаев: «Айгүлдің берген шуағы өмірімнің соңына дейін жетеді»
Белгілі әнші Медеу Арынбаев жұбайын еске алып, жан тебіренісін жасыра алмады. Өнер иесі марқұм Айгүлдің өзі мен балаларына қалдырған рухани қуаты әлі күнге дейін күш беріп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Мен бақытты жанмын. Себебі Айгүл маған осындай ұл-қыз сыйлап, аманаттап кетті. Балаларымның армандарын, мақсаттарын білемін. Соның өзіне шүкір деймін. Егер осы перзенттерді тәрбиелеп, аман-сау жеткізе алсам – мен үшін үлкен мәртебе.
Мен ешқашан тұрақсыздықты құп көрмеймін. Айгүлдің маған қалдырған қуаты, шуағы әлі күнге дейін бойымда. Ол үнемі: “Біздің балалар ешқашан қиындық көрмейді, мен көргенді олар көрмейді, мен соған сенемін”, – деп қайталап айтып отыратын. Сол сөздері мені бүгінгі күнге дейін алға жетелеп келеді. Осындай қолдаудан кейін қалай морт сынып кетуге болады?» – деп көзіне жас алды әнші.
Еске сала кетейік, Медеу Арынбаевтың жұбайы 2011 жылы дүниеден өткен.