Отбасылық жанжалдан кейін 25 тамызда жоғалып кеткен әйел қайтыс болды
instagram/volontery_almaty_lider.kz

Отбасылық жанжалдан кейін 25 тамызда жоғалып кеткен әйел қайтыс болды

Алматы облысының Іле ауданында отбасындағы жанжалдан кейін жоғалып кеткен әйел өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді.

1982 жылы туған Әбдірасұлова Мунирам Тоқтамышқызы 25 тамызда сағат 12:00 шамасында Құйған ауылындағы үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы – 180 сантиметр, арықша дене бітімді, шашы ұзын қызғылт-сары, көзі қоңыр, аузының оң жағында және бетінде ірі меңдері бар. Киімі: көк көйлек, қара аяқ киім.

Еріктілердің мәліметінше, әйелдің денесі жұма, 29 тамызда табылған. Ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиғаның өзге деректері жарияланбады.