Қазақстанды күзгі салқын қарсы алады. Қыркүйектің алғашқы күнінде ауа райы қандай
Қыркүйектің алғашқы күнінде еліміздің басым бөлігінде күн салқындап, жауын-шашын мен екпінді жел күтіледі. Батыс өңірлер ғана жылы ағынның ықпалында қалады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, салқын ауа массалары Салехард жақтан ойысып, 1 қыркүйекте көптеген аймақта температураны түсіреді: солтүстік пен шығыста күндіз +12…+17°C шамасында болады, ал оңтүстікте аптап бәсеңдеп, +23…+28°C аралығына төмендейді. Батыста керісінше жылы ағын басым: +32…+37°C дейін ысиды. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және 9–14 м/с, кей уақытта 15–20 м/с-қа дейін күшейетін жел болжанады.
Таулы өңірлерде (оңтүстік-шығыс пен шығыс) жауын түрленіп, жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсіп, көріну нашарлайды; солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда алғашқы үсік жүру ықтималы ескертіледі. Дала жұмыстары мен жолға шығатындарға ауа райын қадағалап, жылы киім және жаңбырлық алып жүру ұсынылады.