Таңғажайып! Оралда араға ширек ғасыр салып, ата-анасы «шетінеп кеткен» қызымен кездесті
2000 жылы Батыс Қазақстан облысында перзентханада жаңа туған нәресте «шетінеп кетті» деп хабарланған. Араға ширек ғасыр салып, сол сәбидің тірі екені белгілі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі Орал апталығы сайтына сілтеме бере отырып.
АҚШ-та өскен бойжеткен Орал әуежайында биологиялық ата-анасымен қауышты! Әлеуметтік желіде қыздың асырап алған әкесімен бірге Қазақстанға ұшып келіп, туғандарымен құшақтасқан сәті түсірілген видео кең тарады.
Журналист Лейла Онлаш жариялаған мәліметке сүйенсек, нәрестені «шетінеді» деп ресми рәсімдегеннен кейін жасырын түрде бөтен отбасыға берілген болуы мүмкін. Қыздың асырап алған отбасы шындықты өздері айтып, туған анасын табуға көмектескен.
Бұл іске байланысты жаңа туған сәбилерді сату фактісі бойынша үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Тергеу жалғасып жатыр.