«Димаш па екен?» — Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы кім екені белгілі болды
Коллаж: Anyqtime.kz

«Димаш па екен?» — Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы кім екені белгілі болды

Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласының кім екенін анықтауға тырысқан жұрт арасында түрлі жорамалдар айтылуда, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі

Контент-крейтор Әсия Жұман әлеуметтік желіде Мұхамеджан Тазабектің отбасы құрған қызының тойынан видео жариялаған. Ол өз жазбасында той қонақтарының бірқатары күйеу баланы танымал әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатқанын айтып өтті.

«Инстаграмда “Димаш Құдайберген Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы болыпты” деген әңгіме тарап жатыр. Бұл тойға қатысқан адам ретінде нақтысын айтқым келеді. Бұл — өте мәнді әрі мазмұнды өткен шара болды. Жанды музыка, ерекше безендіру, үйлесімді әндер тойға ерекше көрік берді. Қалыңдық пен күйеу жігіттің екеуі де тәрбиелі, көрікті, текті отбасынан шыққан. Ал күйеу бала – Димаш емес, есімі – Омар», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол қыз ұзату рәсімінде болған ерекше сәттермен де бөлісті.

Ал желі қолданушылары болса: «Сонда кім болғаны?», «Димашты неге бәріне тықпалай береді?», «Текті жер дегенді қалай түсінеміз?», – деген секілді пікірлерін қалдырды.