Тікелей эфир: Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде өтіп жатыр. Эфир республикалық телеарналардан және Ақорданың ресми парақшаларынан көрсетілуде, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 2025 жылғы 8 қыркүйекте, жолдау сағат 11:00-де басталды. Көрермендер Qazaqstan, 24KZ, Jibek Joly телеарналарынан, сондай-ақ Jibek Joly-дың YouTube арнасынан тамашалай алады. Сонымен бірге трансляция Ақорданың әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жүріп жатыр. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен Ұлттық құрылтай мүшелері қатысуда.
Жолдау барысында Мемлекет басшысы «қолданыстағы салалық министрліктің базасында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет» екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа ведомствоны вице-премьер деңгейіндегі маман басқаруы тиіс.
Жолдаудың толық нұсқасы кейіннен Ақорданың ресми сайтында жарияланады.