«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы «Заң және Тәртіп» құқықтық сауаттылық акциясын өткізді
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының бастамасымен «ОХРАННОЕ АГЕНТСТВО САЛАНГ – КҮЗЕТ» ЖШС-мен бірге «Заң және Тәртіп» атты құқықтық сауаттылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, заң нормаларын түсіндіру және қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу.
Акция барысында, күзет қызметі азаматтарына күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелер жөнінде кеңестер берді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқық бұзушылық жағдайында заңды әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы осы аталған күзет ұйымында еңбек етіп келе жатқан қос бірдей азаматқа өңірлік партия төрағасы Қ.Смағұлов «Алғыс хат» табыстап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
«Заң және Тәртіп» – қоғам тұрақтылығының басты кепілі. Осыны басшылыққа ала отырып, аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ел ішінде тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етті.
«Ауыл» партиясы Абай облысы
бойынша өңірлік филиалы
Баспасөз қызметі