Қала күніне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының кітапханасында «Заманауи ақындар жырлаған Семей» тақырыбында «Менің өлкемді жырлаған ақындар» атты гимназияішілік кітап көрмесіне шолу шарасы өтті.
Іс-шараға «Ақ қауырсын» үйірмесінің жас дарынды шәкірттері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, көрмемен толыққанды танысты. Сонымен қатар 7-«Г» сынып оқушылары Сәкенов Ерасыл мен Еркебұланұлы Әлихан шығармашылық жырларын оқып, көрмеге ерекше әр берді.
Шара барысында кітапханашы Базарханова Құралай Жуматаевна Абай өңірінің ақын-жазушылары туралы қысқаша мәлімет беріп, олардың туған жерге сүйіспеншілікті арқау еткен өлеңдерін талдап, тәрбиелік мәні зор туындыларымен таныстырды.
Көрме соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, тағылымды оймен тарқасты.
«Ақ қауырсын» үйірмесінің жетекшісі – Омарғали Е.Қ.