Димаш пен «Назерке» жайлы «сүйіспеншілік кадрлары» желіні дүрліктірді (ФОТО)

21 қыркүйек, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенмен құшақтасып тұрған суреттері қызу талқылануда.

Тараған кадрларда кейбір парақшалар бойжеткенді «Назерке» деп таныстырып, бейнеге Ермахан Айымханның «Өзің барда» әнін қойған. Алайда пайдаланушылардың басым бөлігі суреттер шынайы емес, жасанды интеллект не фотомонтаж арқылы жасалған болуы мүмкін деп жазады.

Желіде пікір алуан: «Бақыт тыныштықты сүйеді», «Үйленсе, қуанар едік», «Қарындасы сияқты», «Қарындасын артынан құшақтамайтын шығар», «Фотошоп қой», «ЖИ-мен жасалғаны көрініп тұр», «Қалыңдығы ма?» деген секілді пікірлер қалдырылған.

Қазіргі таңда суреттердің шыққан түпнұсқа дерегі мен шынайылығы ресми түрде расталмаған. Димаш Құдайберген тарапынан да бұл жайға қатысты түсініктеме берілген жоқ.

Сурет дереккөзі: Sn.kz

Тэгтер:

Димаш Құдайберген ЖИ Назерке есімді қыз