"ҚАЗАҚ ПОШТАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ"
Раева Жанат Ақанқызы – пошта байланысы саласының еңбек ардагері, қызмет көрсету «Жеткізу қызметінің» басшысы. Ол 42 жылдан астам уақыт "Қаз-пошта" саласында адал еңбек етіп, сала дамуына айтарлықтай үлес қосқан маман.
Жанат Ақанқызының кәсіби жолы қарапайым еңбек жолынан басталған. Жастық шағында пошталық қызметтің әр саласын меңгеріп, өз білімі мен тәжірибесін әрдайым жетілдіріп отырған. Уақыт өте келе, ол, қызмет көрсету «Жеткізу қызметінің» басшысы лауазымына дейін көтеріліп, пошталық жүйенің тиімділігін арттыруда жауапты тұлғаға айналды.
Оның басшылығымен пошталық қызметте жаңа технологиялар енгізіліп, клиенттерге қызмет көрсету сапасы едәуір жақсарғанын айта кету ләзім. Жанат Ақанқызы қашанда болмасын қызметкерлерге үлгі болып, еңбекке деген адалдығы мен тәртіпке деген талаптарын нақты көрсетіп келеді. Әріптестері, оны тек, басшы ретінде ғана емес, кәсіби тәжірибесін жастарға үйрететін ұстаз ретінде де жоғары бағалайды.
Жанат Ақанқызының еңбек жолы – пошталық қызметтің дамуына қосқан ерекше үлес, тәжірибелік сабақ және жастарға арналған нақты мысал. Сонымен бірге, ол, әрқашан пошталық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге ұмтылған. Оның адалдығы мен табандылығы – саладағы әрбір қызметкер үшін үлгі, өнеге.
Бүгінде, Раева Жанат Ақанқызы – өз ісіне шынайы берілген, кәсіби шеберлік пен жауапкершілікті үйлестіре білетін шынайы "Еңбек адамы". Ол – жастарға еңбек етуге, өз кәсібіне берік болуға, қай қашанда ісіне адал қарауға шақыратын, өз саласының нағыз Ардагері.
Пошталық қызметтің әрбір сәтінде оның тәжірибесі мен еңбегі көрініс тауып, "Қаз-пошта" саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр. Раева Жанат Ақанқызының жолы – адал еңбектің, кәсіби шеберліктің және қоғамдық қызметке адалдықтың айқын үлгісі деп толық айтуға болады.
"Ауыл" партиясы
Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі