Бақытжан Сапиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзі

Бақытжан Сапиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Тоқаев кадрлық шешім қабылдады. Бақытжан Сапиев Президенттің кеңесшісі қызметіне келді. Ол бұған дейін Мемлекеттік бақылау бөлімін басқарған, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.

Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болды. Оған дейін осы бөлімде мемлекеттік инспектор, кейін меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ресми хабарламаға сәйкес, жаңа тағайындаумен бірге ол бұрынғы лауазымынан босатылды.

Мемлекеттік бақылау бағыты – орталық органдар мен өңір басшыларының тапсырмаларды орындауын бағалау, ұсыныстар әзірлеу сияқты жауапты міндеттерді қамтиды. Сол тәжірибе енді Президенттің күн тәртібіндегі саяси-әлеуметтік бастамаларды іске асыруда кеңесші деңгейінде пайдаланылмақ. Бұл тағайындаумен қатар Ақордада бірқатар ротациялар жасалып, Мемлекеттік бақылау бөлімін басқаруға Әлихан Жамсатов келгені хабарланды.