АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ "ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ" ТУРНИРІ
25 қыркүйек күні, "IT және жаңа технологиялар Жоғары колледж қабырғасында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара, мемлекеттік Әнұранмен салтанатты түрде ашылып, аталған колледж басқармасының өкілі тарапынан құттықтау сөз сөйленген Абай облысының Колледждері арасында "Тоғызқұмалақ" турнирі болып өтті.
Аталған турнирге жиыны 5 команда (16 студент) қатысты. Атап айтқанда, "Геодезия және картография колледжі", "Бизнес және Сервис жоғары колледжі", "Семей Көп салалы колледжі", "Семей медицина колледжі", "IT және жаңа технологиялар Жоғары колледждері" өзара тартысқа түсіп, жүлделі орындарды бөлісті.
Айта кетейік, "Тоғызқұмалақ" ұлттық спорттық ойыны жылдан жылға қарқындап өркен жайып, бұған жастардың қызығушылығы айтарлықтай оянып келеді.
Сонымен, ойын қорытындысында, командалық есепте жоғары көрсеткішке қол жеткізген командалар мынадай мәртебелі жүлделі орындарға ие болды:
I орынды - "IT және жаңа технологиялар Жоғары колледжі" (Мұратұлы Руслан - Кубок игері)
II орынды - "Семей Көп салалы колледжі"
(Дулатқызы Аружан- Кубок игері)
III орынды - "IT және жаңа технологиялар Жоғары колледжі" (Махмудов Нұрсұлтан - Кубок игері)
Барлық қатысушылар үшін "Сыйлық" табысталып, "Алғыс хатпен" марапатталды.
Сонымен бірге, олардың жаттықтырушыларына да, ұйымдастыру, қазылар алқасы мен колледжі басшылығына партия төрағасы Қ.Смағұловтың атынан "Алғыс хаттар", "естелік сыйлықтар" табысталды.
Ашылу сөзі мен жабылу рәсімінде "Ауыл" партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы бір ауыз сөз сөйлеп, осындай іс-шара көптеп өткізіліп, жастарға көңіл бөліп, олардың патриоттық сана-сезімін ояту бағытында "Ауыл" партиясының рөлі зор екенін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар, жастардың ұлттық спортқа қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондай-ақ, "Тоғызқұмалақ" ойыны интеллектуалдық сананың өрісі.
Турнир соңында, жиынтық фотосуретке түсіп, келесі жолы да мұндай ұлттық нақыштағы өрнекті додалар өз жалғасын табады деген сеніммен тарқасты.
"Ауыл" партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі