«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ
Қарағанды қаласында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай кнзекті «Ауыл ойындары – 2025» спорттық жарыстары ұйымдастырылды.
Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген, атап айтқанда: Абай, Жезқазған, Павлодар, Қарағанды облыстарынан жалынды жастар қатысып, ұлттық ойындар мен спорттық сайыс түрлерінен сынға түсті.
Абай облысы атынан барған студенттік құрам – Алаш астанасы Семейдегі «Әлихан Бөкейхан университетінің» жастары болды. Оларға «Ауыл» партиясы Абай облысы өңірлік филиалының өкілі Омарғалиев Е.Қ. жетекшілік етіп, команданы бастап апарып, қатыстыруға атсалысты.
Жарыс барысында, спортшыларымыз мынадай ойын түрлерінен бақ сынады:
1) Ләңгі 2)Арқан тарту 3)Тоғызқұмалақ 4)Қазақша күрес 5)Садақ ату 6)Асық ату 7)Футзал
Абай облысының жастары ұлттық ойындарда үздіктер қатарынан көрінді. Қазақ күресінен Зарлықбай Ақжол 3-орын, ал ләңгі жарысында Сәметханов Ислам 3-орын иеленіп, көпшілікті өз өнерімен тәнті етті.
Бұл дода ауыл спорты мен ұлттық ойындарды дәріптеуге, жастарды салауатты өмір салтына баулуға үлкен үлес қосқаны анық. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрді ұлықтап, ел бірлігін нығайтуға жол ашты деуге толық негіз бар.
Жарыстың өтуіне «Ауыл» партиясы РҚБ демеушілік танытып, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыруға қолдау көрсетті. Мұндай белсенді бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.
«Ауыл» партиясы
Абай облысы өңірлік филиалының баспасөз қызметі