ТҮРКІСТАНДА «AUYL JASTARY» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
4 қазан күні Түркістан облысы, Төлеби ауданының Нысанбек ауылында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастардың басын қосқан «Auyl Jastary» республикалық форумы өтті. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев ашылу сөз сөйледі.
Форумның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған саяси басымдықтарды жүзеге асыруға жастарды жұмылдыру, ауыл жастарының белсенділігін арттыру және олардың ел дамуына қосатын үлесін күшейту.
Серік Егізбаев өз сөзінде ауыл жастарының ел болашағындағы рөліне тоқталып, жастарға арналған бірқатар партиялық жобаларды атап өтті. Атап айтқанда:
«Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» республикалық дебат турнирі;
«Кітап – руханият өзегі» акциясы;
«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» студенттік хакатоны.
Сонымен қатар, ол, ауылды дамытуда цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөліне ерекше мән беріп, жастарды жаңа технологияларды игеруге шақырды.
Форумда «Ауыл – елдің тірегі», «Ауыл аманаты», «Кең дала», «Іскер» сияқты мемлекеттік бағдарламалар талқыланды. Сондай-ақ, экологиялық және еңбек бастамалары, жастардың әлеуметтік белсенділігі назарға алынды.
Аталған іс-шараға «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы және өңірлік «Жастар қанаты» еріктілер тобының белсенділері қатысты. Нақтылап айтқанда, Шәкәрім Университетінен Сүгірбай Әділет, Жаксылыков Акежан, Сағимоллаева Еркежандар қатысып, «Бизнес және Сервис» колледжінің студенттерінен Қали Арна мен Бақыт Зерелер де форум ажарын кіргізді.
Шәкәрім Университеті студенті Сағимоллаева Еркежан қоңыр домбырамен күй шашу тарту етіп, көпшіліктің көңілін бір серпілтті. Абай облысының делегациясы форум барысында өз ой-пікірлерін ортаға салып, ауылды дамыту мен жастар әлеуетін арттыру бағытындағы идеяларын ұсынды.
Форум соңында қатысушылар «Ауыл» партиясы жастар қанатының Үндеуін қабылдап, елдің өркендеуі жолында бірігіп еңбек етуге шақырды.
«Auyl Jastary» форумы – ауыл жастарының әлеуметтік, мәдени және кәсіби дамуына жол ашатын маңызды алаңға айналды.
«Ауыл» партиясы
Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі