АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
ашық дереккөзі

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Абай облысының орталығы Семей қаласында «Шәкәрім университетінде» «Отандық қой шаруашылығын дамыту мәселелері» тақырыбында халықаралық семинар-кеңес ұйымдастырылды. Бұл жиын ауыл шаруашылығы саласының өзекті проблемаларын талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми-тәжірибелік бағыттарды енгізуге арналды.

Семинарға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, аймақтағы аграрлық саясаттың негізгі басымдықтарына тоқталды. Ол қой шаруашылығының облыс экономикасындағы маңызын атап өтіп, бұл салаға мемлекеттік деңгейде қолдау жалғасатынын жеткізді. Әкімнің айтуынша, өңірдегі мал шаруашылығын дамыту тек ауыл халқының әл-ауқатын көтеріп қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да жол ашады.

Жиын барысында, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы баяндама жасап, партия тарапынан ұсынылған бастамаларды таныстырды. Ол ауыл шаруашылығына ғылымды енгізу, фермерлерді оқыту, жастарды ауылда тұрақтандырудың маңызын атап өтті.

Семинарға Қазақстан мен шетелдің аграрлық саласындағы ғалымдары, ауыл шаруашылығы академиясының және түрлі мемлекеттік мекемелердің өкілдері, шаруашылық жетекшілері қатысты. Олар қой тұқымын асылдандыру, жем-шөп сапасын арттыру, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өнімді қайта өңдеу және экспорттау бағыттарындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кеңес соңынд,а қой шаруашылығын кешенді дамытуға қатысты нақты ұсыныстар қабылданды. Оның ішінде:

селекциялық жұмыстарды жетілдіру;

жем-шөп базасын нығайту;

ауыл шаруашылығын цифрландыруды жеделдету;

қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу мәселелері қарастырылды.

Халықаралық деңгейде өткен бұл семинар Абай облысының аграрлық саласын жаңа бағытта дамытуға серпін берді. Сарапшылардың айтуынша, ұсыныстар жүйелі түрде іске асса, өңір қой шаруашылығында республика бойынша жетекші аймаққа айналады.

Осы ұсыныстар жүзеге асқанда, Абай облысы қой шаруашылығында еліміздегі жетекші аймақтардың біріне айналып, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін беретіні анық.

«Ауыл» партиясы,
Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі