2025 жылғы 14 қазан күні Абай облысында инновация мен тұрақты даму идеяларын біріктірген «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» тақырыбында
Хакатон жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Іс-шараны «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды.
Хакатон жобасының мақсаты – ауыл шаруашылығы, экология, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында жаңа шешімдер ұсыну, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және өңірдің инновациялық дамуына тың серпін беру.
Өңірлік филиал төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жастардың белсенділігі мен жаңаша көзқарасының ел болашағы үшін аса маңызды екенінде еске салды.
Іс-шара, Семей қаласындағы «ЖасStar» коворкинг орталығында өтті. Оған Абай облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінен келіп қатысқан 11 команда өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.
Жастар ауыл шаруашылығын дамыту, экологиялық тұрақтылықты арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және жасанды интеллектті қолдану бағыттарында шығармашылық өз жобаларын қорғады.
Хакатон қатысушыларының жобаларын өңірдің беделді сарапшылары мен мамандары бағалады. Нақтылап айтқанда:
Роллан Ибраев – белгілі кәсіпкер, Қазылар алқасының төрағасы;
Елдос Мұхаметов – Философия докторы (PhD), «Шәкәрім университетінің» Аға оқытушысы;
Данияр Бакиров – «Абай облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» басшысының орынбасары;
Әділет Сүгірбай – «Конструкторлық бюро» Жетекшісі, Science Professor, (PhD).
Бағалау критерийлері – жобаның өзектілігі, инновациялық шешімі, тиімділігі және іске асыру мүмкіндігі тұрғысынан кеңінен қарастырылып, сарабдал сараланып, жан-жақты ой елегіген өткізілді.
Хакатон барысында түрлі бағыттағы тың жобалар ұсынылған болатын.
Олардың қатарында экологиялық өнім өндіру, ауыл шаруашылығындағы автоматтандыру, заманауи білім беру, әлеуметтік психологиялық қолдау және цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған бастамалар.
Мәселенки, «Орман шайы – табиғи антиоксидант көзі» жобасы жергілікті өсімдіктерден экологиялық таза фитошай өндіруді көздесе, «SafeGoat» жобасы радиациялық аймақтардағы сүт өнімдерінің сапасын бақылайтын жүйе ұсынды.
«QamqorAI» жобасы жасанды интеллект арқылы қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталса, «ReStep» жобасы өндірістік қалдықтардан экологиялық тәбішке шығару идеясын ұсынып бақты.
Сонымен қатар, «AquaGreen», «YES», «QazProg», «MindCare», «Гидропоника және Биотехнология» – жаңа мүмкіндіктер, «Aliya – AI ментор» яғни «ALGA» командасы және басқа да жобалар ауыл мен ғылымды, технология мен тұрақтылықты байланыстырудың жаңа үлгілері негізінде қорғады.
Хакатон интеллектуалдық сайысы нәтижесінде қазылар алқасы шешімімен «Үздік» деп танылған жобалар анықталды. Олар:
I орын – “Campus Team” – Ауыл шаруашылығына арналған экологиялық таза жем түрін ұсынған инновациялық жоба;
II орын – “MindCare” – психикалық денсаулықты қолдауға арналған онлайн-платформа;
III орын – “ALGA” – студенттерге арналған “Aliya – AI ментор” деп аталатын жасанды интеллект жобасы.
“Campus Team” командасы өз жобасымен ерекше көзге түсіп, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Марапаттау рәсімінде, барлық қатысушыларға Сертификаттар, ал жеңімпаз атанған командалар арнайы Дипломдармен марапатталды.
Интелектуалдық жоба қорғау сайыс қорытысында, қатысушылар мен ұйымдастырушылар естелік суретке түсіп, жаңа идеялар мен бірлескен жобалар төңірегінде пікір алмасты.
Қатысушылардың айтуынша, Хакатон – тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік берген іс-шара санатында қазіргі заманға сай жаңашыл бастамалар ордасы.
Аталған әр ғылым саласындағы тақырыпты қамтыған жобалар еліміздің ғылыми және шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған нақтылы шешімдер ұсынуға мүмкіндік бермек.
«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» Хакатоны – Абай облысы жастарының жаңа буын өкілдерінің басын бір арнада қосып, ауыл мен инновацияны ұштастырған маңызды бастамалық жоба.
«Ауыл» партиясы, Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі