"Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 Гимназия" өрендері «Ақберен» байқауында топ жарды.
Семей қаласындағы "Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның" шығармашыл өрендері кезекті мәрте биік белесті бағындырды. Қаладағы №31 жалпы орта білім беретін мектепте өткен «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңінде Гимназия оқушылары өз таланттарын белгілі деңгейде танытып, мынадай жүлделі орындарға ие болды.
Республикалық маңызы бар бұл байқау: жас ұрпақтың әдебиет пен өнерге құштарлығын арттыруды, отаншылдық рухын нығайтуды және тіл мен мәдениетті дәріптеуді мақсат етеді. Осы жолғы сынға қатысқан №37 гимназияның дарынды оқушылары 3 бірдей номинация бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді.
Айталық, «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша 8 «В» сынып оқушысы Арнұрқызы Нұрсана өз өлең өрнегімен көзге түсіп, жүлделі II орынды иеленді.
Жетекшісі – Нұрғамысова Шолпан Махмутовна.
Жалғасынша, «Ақындар айтысы» номинациясында сөз зергерлігімен танылған Асубаев Назар да тартысты додада жүлделі II орынға лайық деп танылды.
Жетекшісі – Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы.
Ал, «Эссе жазу» номинациясында 9 «В» сынып оқушысы Ғабдылжанатов Канн жүйелі ой мен көркем тіл үйлесімін танытып, жүлделі III орынды жеңіп алды.
Жетекшісі – Төлеубаева Салтанат Бекайдарқызы.
Оқушылардың осындай жетістігі – мектеп ұжымының шығармашылық бағыттағы жемісті еңбегінің, ұстаздардың шабыт берер ұстаздық қамқорлығы мен шәкірттердің табандылығының айғағы.
Жас таланттардың өнері мен ізденісі арқылы "Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның" абыройы асқақтап, білім мен руханият тоғысқан орда ретінде қала жұртшылығына тағы бір мәрте танылғаны зор мақтаныш.
Осы ретте, аталмыш байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілейміз!
"Anyqtime.kz" порталы,
Тілші Ерлан Айқынұлы