Оқушы мен мұғалім ұсталған түн: Жасөспірім қыздың отбасы туралы шындық шықты
kznews.kz

Оқушы мен мұғалім ұсталған түн: Жасөспірім қыздың отбасы туралы шындық шықты

Алматы облысындағы «У Розы» қонақ үйінде түнгі 03:00 шамасында ұсталған жасөспірім қыз белгілі қылмыскер Руслан Күлекбаевтың қызы екені анықталды. Қыз 2011 жылы дүниеге келген және биылғы жылдың 26 ақпанына дейін Алматы облысындағы мектептердің бірінде білім алған, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Sadaq.kz сайтына сілтеме жасап.

Orda.kz редакциясына мәлім болған дереккөздің айтуынша, қыздың анасы қызмет бабымен Алматы қаласына, нақтырақ айтсақ, Алмалы ауданына ауысуына байланысты оны да өзімен бірге жаңа мектепке ауыстырған. Қыздың ата-анасы бірнеше жыл бұрын ажырасқан, ал әкесі Руслан Күлекбаев қазір өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Айта кетейік, Руслан Күлекбаев 2016 жылы Алматыда сегізі полиция қызметкері болатын 10 адамды атып өлтірген. Сол қылмысы үшін ол бастапқыда өлім жазасына кесілгенімен, Қазақстандағы өлім жазасына жарияланған мораторийге байланысты өмір бойына түрмеге қамалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен домбыра үйірмесінің жетекшісі ұсталғаны хабарланған еді. Бұл оқиға 6 мамырға қараған түні Өтеген батыр ауылындағы қонақ үйлердің бірінде анықталған. Полиция рейді кезінде күдікті мен қыз бір бөлмеде болған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.