Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады
Фото: freepik.com

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Желтоқсан жақындаған сайын қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл және Рождествоға байланысты қосымша демалыс күндері күтіп тұр. Көпшілікті «нақты қанша күн демаламыз?» деген сұрақ толғандырады.

Қазақстанда қыстың алғашқы айында басты мереке – Тәуелсіздік күні. 2025 жылы 16 желтоқсан сейсенбіге түседі. Ресми демалыс және ауыстырылатын күндерді қоса есептегенде, бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар желтоқсан айында жалпы тоғыз күн демалады. Бұл уақытты көпшілік қысқы саяхатқа, отбасылық демалысқа немесе жыл қорытындысын жасап, тынығуға пайдаланбақ.

Жаңа 2026 жыл бейсенбі күні басталады. Осыған байланысты қазақстандықтар үшін Жаңа жылға арналған төрт күндік демалыс қарастырылған: 1, 2, 3 және 4 қаңтар мерекелік және демалыс күндері болады. Жұмысқа шығу күні – 5 қаңтар, дүйсенбі. Сондықтан Жаңа жыл мерекесі отбасымен кеңінен атап өтуге және мерекеден кейін бір күн тынығып алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазақстандықтарға дәстүрлі түрде Рождество мерекесіне орай да қосымша демалыс күні беріледі. Ресми түрде мереке 7 қаңтарда аталып өтеді, ал 2026 жылы бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді. Есептегенде, 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 11 қаңтарына дейінгі екі апта ішінде отандастарымыз жеті күн демалып, жеті күн жұмыс істейді. Осы кезеңде жұмыс пен демалыс бір-бірімен шамалас болады.

Көптеген ұйымдарда қалыптасқан дәстүр бойынша 31 желтоқсанда қызметкерлерді жұмыстан ертерек босату немесе қысқартылған жұмыс күні белгілеу тәжірибесі бар. Дегенмен бұл күн ресми түрде демалыс немесе мерекелік күн болып саналмайды, сондықтан ол жұмыс күні ретінде қала береді.