Президент New Generation School Astana ғимаратына барды

24 желтоқсан, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы елорда нысандарын аралау кезінде Нұра ауданындағы New Generation School Astana жеке мектебінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

NGS Astana 1320 оқушыға лайықталған және жаратылыстану-математика, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білім береді. Оқу бағдарламасында математика мен ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылатыны атап өтілді. Мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қажетті жағдай жасалған.

Білім ордасында оқушыларға үш мезгіл тамақ беріледі. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған. Бұл тәсіл мектептің инклюзивті бағытты да назарда ұстайтынын көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысы бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асқаны жөнінде мәлімет берілді. Қаржыландырудың 40 пайызын «Даму» қоры кредит түрінде бөлгені айтылды. Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы және спорт залын аралап көрді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев NGS Astana New Generation School