Келе жатқан қаңтарда қазақстандықтар 12 күн демалады

24 желтоқсан, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Ашық дереккөзі

2026 жылғы қаңтарда Жаңа жыл мерекесі төрт күн қатарынан демалуға мүмкіндік беріп, ай ортасында Рождество тағы бір қосымша үзіліс сыйлайды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.

eGov порталында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 және 2 қаңтар – ресми мереке. Келесі жылы бұл күндер бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр.

Одан кейін 3 және 4 қаңтар сенбі-жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар Жаңа жылда 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін төрт күн қатарынан демалады.

Бұдан бөлек, 7 қаңтар – Рождество мерекесі. 2026 жылы ол сәрсенбіге түсетіндіктен, қаңтардың дәл ортасында тағы бір демалыс күні беріледі.

Мерекелік күндерден бөлек, қаңтарда заңмен белгіленген сенбі және жексенбі күндері демалыс болып қала береді. Осылайша, бес күндік жұмыс кестесін ұстанатын қазақстандықтар қаңтар айында жалпы 12 күн демалады.

Тэгтер:

жаңа жыл қаңтар 2026 демалыс күндері Рождество