«Жүрегімнің ішінде жүрегі»: Асанәлі Әшімовтің қызы жантебірентер естелігімен бөлісті (Фото)

Бүгін, 13:56 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: instagram.com/aboutsagina

Қазақ киносының аңызы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесіне арнап әлеуметтік желіде тебірентерлік жазба жариялады.

Жазбада ол әкесіне деген сағынышын жасырмай, жүрек түкпіріндегі мұңын жеткізген. Сағина Әшімова «Жүрегімнің ішінде жүрегі…» деп бастап, марқұмның рухына дұға тілеп, «Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын» деген мазмұнда қоштасу сөзін қалдырған. Жазба соңына 21.12.2025 күнін көрсеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі актер Асанәлі Әшімовтің дүниеден өткені хабарланған болатын.

Тэгтер:

естелік Асанәлі Әшімов Сағина Әшімова